Тұғыл Jjz
| Ауыл | |
| Тұғыл | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Облысы |
Шығыс Қазақстан |
| Ауданы |
Тарбағатай |
| Ауылдық округі |
Тұғыл |
| Тарихы мен географиясы | |
| Құрылған уақыты |
1958 |
| Координаттары |
47°43′38″ с. е. 84°12′14″ ш. б. / 47.72722° с. е. 84.20389° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°43′38″ с. е. 84°12′14″ ш. б. / 47.72722° с. е. 84.20389° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Уақыт белдеуі |
UTC+6:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны |
4744 адам (2009) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Автомобиль коды |
16 |
Тұғыл — Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы ауыл, Тұғыл кенттік әкімдігі орталығы. 1997 жылға дейін Приозерный деп аталып келді.
Мазмұны
- 1 Географиялық орны
- 2 Халқы
- 3 Тарихы
- 4 Инфрақрылымы
- 5 Дереккөздер
Географиялық орны[өңдеу]
Аудан орталығы – Ақсуат ауылынан шығысқа қарай 110 км жерде, Зайсан көлінің оңтүстік жағасындағы далалы өңірде орналасқан.
Халқы[өңдеу]
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 7483 адам (3957 ер адам және 3526 әйел адам) болса, 2009 жылы 4744 адамды (2340 ер адам және 2404 әйел адам) құрады.[1]
Тарихы[өңдеу]
Іргесі 1958 жылы өзен айлағы есебінде қаланды. Тұғыл аудандағы бірден-бір өнеркәсіп орталығы болып табылады. Мұнда республикалық маңызы бар балық өңдеу кәсіпорны, машина-трактор жөндеу шеберханасы, мұнай базасы, байланыс бөлімшесі жұмыс істейді.
Инфрақрылымы[өңдеу]
2 орта мектеп, балабақша, мәдениет сарайы, кинотеатр, кітапханалар, аурухана, дәріхана бар. Тұғыл арқылы Зайсан – Қалбатау – Өскемен автомобиль жолы өтеді.[2]
Дереккөздер[өңдеу]
- ↑ 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
| ||||||